Әндіжан қырғыны

Жаназаға жиналған жұрт. Тұрғындардың айтуынша, қырғында қаза тапқан кейбір адамдардың сүйегін өкімет жинап әкеткен.

Әндіжан тұрғындары қырғында қаза тапқан адамдарды жинап жүр.

Үкіметтің қарулы сарбаздары наразылықты күшпен басып-жаншығаннан кейін Әндіжан көшелерін бақылап тұр.

Әскер халыққа оқ боратқан алаңда өртенген көліктердің қасынан өтіп бара жатқан адам.

Әндіжандағы қырғыннан кейін жүздеген адам Қырғызстан шекарасын бетке алып қашқан. Қырғызстанның шекара маңындағы Бараш босқындар лагерінде жүрген адамдар.

Чехиядағы босқындар жатақханасында тұрған әндіжандық әйел.

"Терроризм" айыбы тағылған Әндіжанның 15 тұрғынының ісі Өзбекстан жоғарғы сотында қаралып жатыр. 2005 жылдың қыркүйегі.

Әндіжан көшесінде ілініп тұрған Өзбекстанның сол кездегі президенті Ислам Каримовтың суреті. Каримов Әндіжан оқиғасын тәуелсіз тергеуге рұқсат бермеді.

2006 жылдың мамыр айында Брюссельдегі Өзбекстан елшілігі жанында Ислам Каримовке қарсы шеру өткізіп тұрған адамдар.